Құжат мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау тәртібін қарастырады.
Ережеге сәйкес, баспалар жыл сайын Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі бекітілген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына оқулықтардың таныстырымға арналған электрондық нұсқасын ұсынады.
Ал облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары наурыз-сәуір айлары аралығында баспалармен бірлесе отырып, мұғалімдерге, әдістемелік бірлестіктердің басшылары мен мектептердің қамқоршылық кеңес мүшелеріне, ата – аналар мен оқушыларға арналған "Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулары" көрмесін ұйымдастырып өткізеді. Көрмені өткізу кестесін РҒП БМСО жергілікті атқарушы органдармен және баспалармен келісе отырып әзірлейді.
Баламалы оқулықтарды, оның ішінде электрондық оқулықтарды таңдау оларды тізбеге енгізгеннен кейін бір рет іске асырылады.
Орта есеппен 2, 5-11 сыныптарда әр пән бойынша 2-3 балама оқулық бар. Ел бойынша 7,5 мың мектептен 380 мыңға жуық педагог таңдау жасай алады.
Оқу әдебиеттерін таңдау және тапсырыс беру процестерін автоматтандырусыз мониторингті тиімді және уақтылы жүргізу күрделі және тиімсіз. Осы бұйрықтың жобасын қабылдау қажеттілігі мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқу процесіне енгізілетін балама оқу әдебиеттерімен, олардың ерекшеліктерімен танысуға және мұғалімдердің балама оқулықтарды таңдау процесінің ашықтығын арттырумен байланысты.
Құжат 16 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.