7.11.2022, 9:30
Оқылды: 15

Қазақстандық спортшылар әлем кубогінен бір қола мен бір күміс жеңіп алды

Кеше ғана Абзал Ажғалиевтің шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңінде күміс жүлдегер атанғанын жазған едік.

IMG_20221107_092702

Сурет: Қазақстан конькишілер одағы парақшасынан

Бүгін АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан командасының қоржынын  Денис Никиша мен  Әділ Ғалиахметов толықтырды, бұл туралы "Қазақстан конькишілер одағы" хабарлады.

Денис 500 метр қашықтықта 40.675 секундта мәреге екінші болып келіп күміс жүлдеге ие болды.

IMG_20221107_092722

Сурет: Қазақстан конькишілер одағы парақшасынан

Ал Әділ болса 1000 метр қашықтықта қола жүлдегер атанды.  Ол мәреге 1.25:325 уақытта келді.

Айта кетейік, бұл Әділдің мансабындағы әлем Кубогінің екінші жеке медалі. Өткен жылы Бейжіңде өткен жарыста 1500 м қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале