7.11.2022, 17:15
Оқылды: 47

«B2B Jewelry» қаржы пирамидасына алданғандарға 123 млн. теңге қайтарылды

ҚМА жүргізген жұмыстардың нәтижесінде «B2B Jewelry» қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 миллион теңге қайтарылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

bd8df8ff254469bb2b6320b7177d1bc3_original.194671-960x500 Еске салайық, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті «B2B Jewelry» зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале