8.11.2022, 14:30
Оқылды: 56

Енді Қазақстан азаматтығын беру кезінде мемлекеттік тілді білуі ескерілетін болады

 Қазақстан үкіметі ел азаматтығын беру кезінде мемлекеттік тілді білу ескерілетіні көзделген заң жобасы бойынша үкімет қорытындысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

fe306d494aba44cc88cad23bcac9aa78

Бұл жөнінде премьер-министр Әлихан Смайылов мәжілісмендер тарапынан Ресей азаматтарының ағылып кетуіне байланысты жолданған депутаттық сауалға берген жауабында мәлім етті.

Премьер-министр қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Үкімет көші-қон мәселелері бойынша төрт кеңес өткізгенін, сондай-ақ премьер-министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен Халықтың көші-қоны саласындағы мәселелерді үйлестіру жөніндегі штаб құрылғанын атап өтті. Оның сөзінше, ұлттық нарықты қорғау, мемлекеттік шекарада және шекара маңы өңірлерінде бақылауды күшейту, көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі шараларды, сондай-ақ келушілерді уақытша қоныстандыруға және бейімдеуге жәрдемдесуге бағытталған шараларды көздейтін көші-қонның өсуіне байланысты тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді.

Үкімет ұсынған мәлімет бойынша, осы жылғы қазан айында алдыңғы аймен салыстырғанда ресейліктер 65%-ға аз келген және күн сайынғы теріс сальдо орташа есеппен 1,6 мың адам болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале