9.11.2022, 12:02
Оқылды: 23

Орал қаласындағы NIS оқушылары ғылыми жобалар байқауынан жеті жүлде иеленді

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы ғылыми жобалар байқауында Орал қаласындағы NIS оқушыларының жеті жобасы жүлдеге ие болды. Мектеп қоржынында 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар.

9EC53864-2B55-49C8-90D5-B4FE20520C62

Байқау қатысушыларын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының кеңесшісі Ольга Можаева құттықтап, бірегей жобалардың авторлары еліміздің талантты ғалымдарының қатарын толықтыратынына сенімін білдірді.

Беделді сайыстың жеңімпазы болып, оқушыларға әдебиет әлемі мен шынайы өмірді әдебиет әлемі мен шынайы өмір арасында параллель орнатуға көмектесетін трансформациялық ойынды таныстырған Ляйля Абдірахман мен Аружан Аймешева, қазақ даласындағы еуропалық үлгідегі алғашқы ұлттық білім ордасы – Жәңгір мектебінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін зерттеген Ақбота Салауатқызы мен Альнур Мадихова, күй анасы Дина Нұрпейісова тұлғасын шығармашылық эсселеріне арқау еткен Айша Жексембиева мен Өмірбек Адилов және кеңестік биліктің ұжымдастыру саясатына қарсы Жаңақала, Жымпиты, Бөкей ордасы аудандарындағы көтерілістердің ерекше белгілерін ашқан Айкенай Болат иеленді.

Анис Баймуканов пен Дильназ Басерованың «Smart Green house автоматтандырылған мектеп жылыжайы» жобасы, Сәуле Казетова мен Әл-Фараби Тұрмағамбеттің Жайық өзенінің ластануында нитраттар мен фосфаттарға арналған зерттеуі беделді байқаудың екінші жүлдесіне лайық деп танылды. Ал үздік үштікке Айшабибі Абулкаированың «Knowledge center жастар орталығы» жобасы кірді.

Үздік жобалар республикалық ғылыми жобалар байқауында қазылар алқасының назарына ұсынылады.

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале