10.11.2022, 14:31
Оқылды: 53

Такси бағасының қымбаттылығы айтылды

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудан прокуроры Сәкен Молдашев Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл және Тау ауылдық округіне қарасты Жұмаев елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

WhatsApp Image 2022-11-10 at 10.57.02

Жақсылық Каримоллаұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалына тоқталып өтті. Есептік кездесуде Тегісшіл елді мекенінің тұрғындары жастарға жаңа тұрғын үйлер салу керектігін айтса, Жұмаев елді мекенінде жол мәселесі мен такси бағасының қымбаттылығына тоқталды. Аудан әкімінің орынбасары барлық көтерілген сын-пікірлерге жауап беріп, күрделілерін жазып алды.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале