Бұлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Әділгереевтің халықпен кездесуіне аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.
Округтің негізгі даму бағыты ауылшаруашылық саласы.
Ауылдық округ әкімі Мұрат Меңдібайұлының айтуынша, есепті кезеңде округ бойынша 14 шаруа қожалығы, 1 ЖШС тіркеліп, 12 шаруа қожалығы мен 1 ЖШС мал шаруашылығымен, 1 шаруа қожалығы бау-бақшамен айналысуда.
Мал атаулыны жайлаған бруцеллез ауруына қарсы 3088 бас ірі қарадан қан алу жоспарланса, аталмыш көрсеткіш толықтай орындалған.
Жыл басынан бері 23 иесіз жүрген бұралқы иттер жойылған.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарында көгілдір отын тартылмаған тұрғындарды қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарту көзделген.
Одан бөлек, халық тарапынан боранды күні малдың ығып кетуі, Бұлан халық театрындағы режиссер тапшылығы, су, көше жарығы мәселелері көтерілді.
А.Амангелдина,
zhaikpress.kz