11.11.2022, 9:30
Оқылды: 14

Екі көлік соқтығысып, бір адам ауыр жарақат алды

Кеше түнгі сағат 12-лерде Жымпиты-Орал бағытындағы тас жолда «Жұмағазы хазірет – Дәдем ата» кесенесінің шамасында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам ауыр жарақаттанған.

2
Сол мезетте оқиға орнынан табылған куәгерлердің айтуынша, жол жиегінде тоқтап тұрған мал тиелген Газель автокөлігіне Opel Vectra жеңіл көлігі келіп соғылған. Ауыр жарақат алған адамның қай көлікте отырғаны және қазіргі денсаулық жағдайы белгісіз.

3
Құзыретті органдардан нақты ақпарат алған бойда жол-көлік оқиғасы туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале