Теректі аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында «Үздік пікірсайысшы — 2022» турнирі өтті.
Ойынға қазақ тобынан 10 команда қатысса, орыс тобында 3 команда бақ сынасты. Тартысты ойын көрсеткен командалар түрлі тақырыпта ой қозғады. Турнирге әділ бағасын берген қазылар құрамында пікірсайыс жетекшілері, білім беру бөлімінің әдіскері Н.Бөлебай және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Б. Қанаева, психолог Г.Демеутова болды.
Ойын қорытындысы бойынша тапқырлығымен, ұтымды ойларымен жүлделі бірінші орынды «Әділет» фракциясы (Покатиловка ЖОББМ) алса, екінші орынды «Болашақ» (Ақжайық ЖОББМ), үшінші орынды «Алтын сапа» фракциясы (Подстепный ЖОББМ) жеңіп алды.
Сондай-ақ «Үздік парламентарий» аталымын А. Серікқызы (Ақсуат ЖОББМ),«Үздік пікірсайысшы» номинациясын А. Оңғарбай (Покатиловка ЖОББМ) иеленді.
Барша қатысқан фракцияларға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгеловтың атынан алғысхат табысталды.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz