11.11.2022, 10:31
Оқылды: 9

«Үздік пікірсайысшы — 2022» турнирі өтті

Теректі аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында «Үздік пікірсайысшы — 2022» турнирі өтті.

IMG-20221111-WA0012

Ойынға қазақ тобынан 10 команда қатысса, орыс тобында 3 команда бақ сынасты. Тартысты ойын көрсеткен командалар түрлі тақырыпта ой қозғады.  Турнирге әділ бағасын берген қазылар құрамында пікірсайыс жетекшілері, білім беру бөлімінің әдіскері Н.Бөлебай және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Б. Қанаева, психолог Г.Демеутова болды.

Ойын қорытындысы бойынша тапқырлығымен, ұтымды ойларымен жүлделі бірінші орынды «Әділет» фракциясы (Покатиловка ЖОББМ) алса, екінші орынды «Болашақ» (Ақжайық ЖОББМ), үшінші орынды «Алтын сапа» фракциясы (Подстепный ЖОББМ) жеңіп алды.

IMG-20221111-WA0005

Сондай-ақ «Үздік парламентарий» аталымын А. Серікқызы (Ақсуат ЖОББМ),«Үздік пікірсайысшы» номинациясын А. Оңғарбай (Покатиловка ЖОББМ) иеленді.

Барша қатысқан фракцияларға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгеловтың атынан алғысхат табысталды.

 Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале