11.11.2022, 20:49
Оқылды: 44

Сырымдық аналарға "Күміс алқа" табысталды

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев аудандағы алтын құрсақты, алты балалы аналарға “Күміс алқа” мемлекеттік наградасын табыс етіп, жылы лебізін білдірді.

IMG-20221111-WA0160

Бұлдыртылық Дидар Тілекқабылова отағасы Қуанышпен​ ​ үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр. Үлкен ұл-қыздары Бұлдырты мектебінің оқушылары болса, кенже қызы Кәусар мен ұлы Ақтөре мектеп жасына жетпеген.​ Балалары мектептің қоғамдық және спорттық шараларына белсене қатысады. Қызы Дильназ республикалық “Көрікті көктем”​ онлайн сайысында жүлделі орынды иеленсе, ұлы Сәкен "Балалар жылы" мен наурыз мерекесіне орай өткен құнан бәйгенің жүлдегері.

IMG-20221111-WA0162

Дидар Өмірғалиқызы Бұлдырты ауылындағы “Айналайын” балабақшасының тәрбиешісі болып жұмыс істейді.

Ал өлеңтілік Нұржанат Көнеева жұбайы Аманжолмен бес ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

IMG-20221111-WA0161

Ұлдары Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің оқушылары.

Аталмыш отбасының ұлдары да сабақ үлгерімі мен мектеп шараларында белсенді.

Ұлы Ақтілек күрес пен футболды жанына серік етіп, аудандық және облыстық байқаулардың жеңімпазы атанып жүрсе, Әділбек пен Байсұлтан да ағаларының жолын жалғап, күрестен жоғары жетістікке жетіп жүр.

Қызы Айназ бен ұлы Бекназар мектеп жасына жетпеген.

Шағырлойлық Айгүл Кенжеғалиева жолдасы Жақсылықпен 4 ұл,2 қыз өсіріп отырған өнегелі отбасылардың бірі.

Ұл-қыздары Абай атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде білім алуда.

Тұңғышы Ернұр тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып, мектепішілік сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.

Ал қызы Жаннұр мен ұлдары Бекнұр, Әлинұр, Мейірбек анасының тәрбиесінде.

Аталған үш ана да отбасыларымен баланың тәрбиесі мен өнерлі, жан-жақты болып өсуіне көп көңіл бөледі.

“Күміс алқа” тағынған аналар аудан әкіміне отбасылары атынан жүрекжарды тілектерін айтып, алғыс білдірді.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале