12.11.2022, 10:31
Оқылды: 72

«Таңдайына бұлбұл құс ұя салған»

Кеше Жәнібек аудандық мәдениет үйінде халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, күміс көмей әнші Шынар Каюпованың «Таңдайына бұлбұл құс ұя салған» атты шығармашылық ән кеші өтті.

IMG-20221112-WA0004

Шығармашылық кеште аудан көркемөнерпаздары Райымбек Каримов, Қажымұқан Хамидолла, Мейрамгүл Дәулетқалиева, Әсем Ғайнуллина, Асылан Боранбаев, Алтынбек Каримовтар сахна төрінде Шынар Шәбиденқызының шашбауын көтеріп, бірлесіп өнер көрсетті.

Жеке шығармашылық ән кешінде аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев әншіні мерейлі жасымен құттықтап, аудан әкімі Азамат Сафималиевтің құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар ол Ш.Каюпованың кеудесіне Батыс Қазақстан облысының «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісін тақты.

IMG-20221112-WA0003

Толық ақпаратты аудандық «Шұғыла» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Лаура Шегерова,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале