15.11.2022, 15:33
Оқылды: 64

Елімізде 25 қаржы пирамидасы жойылып, қазақстандықтардың 8,3 млрд теңге шығыны өтелді

Елімізде 25 қаржы пирамидасы жойылып, жәбірленушілердің 8,3 миллиард теңге шығыны өтелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

R6FgOZNBzk5L9pdUTlliWIUZFJ6IQJHAN50N3bqP.jpg_width=1200Xheight=autoXtype=1

Фото дереккөзі: baq.kz

Қаржылық пирамидалармен күрес аясында заңсыз мазмұндағы 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған.Сонымен қатар қаржылық барлау қызметі есірткі сататын 15 интернет-дүкенді әшкерелеген. Олардың жалпы сауда айналымы 4,4 миллиард теңгені құрайды және 27 мыңнан аса азаматты қамтыған. Бұл материалдар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жолданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале