16.11.2022, 12:31
Оқылды: 66

Бір жарым жыл төленеді

Қазақстандық ата-аналар 2023 жылдан бастап сәбилерімен ұзағырақ бола алады.

salamatty2

Фото дереккөзі: kazgazeta.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында «Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады» деген болатын.

Осы орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жолдау бастамасының қалай іске асатындығы жайында айтып берді.

Еңбек министрлігі «бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзарту жұмыс жасайтын да, жасамайтын да ата-аналарға қолданылады» дейді.

Бұл төлем шамамен 576 мың жұмыс істейтін және 65 мыңнан астам жұмыс істемейтін ата-анаға қатысты болмақ. Бұл ретте жұмыс істейтін ата-аналарға төлемдер МӘСҚ-дан олардың жалақысының 40% мөлшерінде жүргізіледі. Және де азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу табысы мен өтілі неғұрлым көп болса, әлеуметтік төлем мөлшері де соғұрлым жоғары болады.

Еңбек  министрлігі  жұмыссыз аналарға бала күтімі төлемін төлеуді республикалық бюджеттен қаржыландыруға есептеулер дайындады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша 183,5 миллиард теңге бөлінеді.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале