17.11.2022, 10:17
Оқылды: 44

Мақсат – ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу

YouTube – бұл қызметтерді немесе белгілі бір өнімді жылжытудың ең қолжетімді, түсінікті, келешегі жарқын жолдарының бірі. Көптеген компаниялар осыны түсінгендіктен, өздерінің YouTube арналарын жасайды. БЖЗҚ да өз салымшылары, алушылары және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандардың барлығына да пайдалы әрі қажетті нәрсені көп білуге болатын, сонымен қатар олардың қаржылық сауаттылығын арттыратын заманауи алаңды ұсына отырып, бұл үдерістен шет қалмады.

IMG-20221117-WA0015

Фото дереккөзі: ztgzt.kz

Жазылушыларға ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

Бейнематериалдар тақырыптық ойнату тізімдеріне бөлінген: жылдар бойынша жаңалықтар мен түсініктемелер, БЖЗҚ-ның бейненұсқаулықтары, Zeinet.kz/Пенсия.kz. бағдарламаларының шығарылымдары, «Зейнетақы жүйесі туралы екеуара әңгіме» айдары аясындағы сұхбат.

Сонымен, БЖЗҚ-ның You-Tube арнасы жазылушыларға нені ұсына алады?

Мұнда сіз зейнетақы қызметтерін пайдалану бойынша қадамдық бейненұсқаулықтарды тамашалап, мысалы, мынадай сұрақтарға жауап ала аласыз:

– Өз зейнетақы жинақтарының инвесторы болу үшін не істеу керек?

– Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын неге және қалай алуға болады?

– Болашақ зейнетақыны қалай есептеуге болады?

– «Жеке кабинетті» қалай пайдалануға болады? Сондай-ақ, басқа да көптеген бейнекеңестер бар. Оларды зерделей отырып, сіз БЖЗҚ-ның сайтында немесе ұялы қосымшасындағы кез келген функцияны оп-оңай меңгересіз.

001

Пайдалы ақпаратты жеке эпизодтарға бөлініп, жаңадан түсірілген егжей-тегжейлі сюжеттерден де алуға болады. Бұл пайдаланушыға бір материалдың ішінен қажетті сұрағын немесе талқыға салынып отырған тақырыбын оңай табуға мүмкіндік береді.

Арнадан БЖЗҚ мамандарының да, шақырылған сарапшылардың да пікірле-рін көріп, тыңдауға болады. 31-телеарнадан көрсетілетін Zeinet.kz/Пенсия.kz бағдарламасының барлық шығарылымдарын да осы YouTube арнамыздан таба аласыз.

Қысқа бейнематериалдардан басқа, сұхбат форматында берілетін күрделі сараптамалық бағдарламаларды да байыптап, бағасын беріп отырсаңыз болады. Жүргізу-шілер өз қонақтарына тосын да, өткір сұрақтарын қойып, жауап ретінде сындарлы кәсіби пікір алады. Бұл сарапшысымақтардың қаңқу әңгімелері мен сылдыр түсініктерінен түбегейлі ерекшеленеді.

Жалпы, мұнда көптеген ақпарат бар және әркім өзіне қажетті ақпаратты табады деп үміттенеміз. Біздің арнаға жазылыңыз, ыңғайлы болу үшін төменгі жағындағы QR кодын қолданып, «лайк» басып, түсініктеме беріңіз, сұраңыз! Біз әрдайым қуана жауап беріп, көмекке келуге дайынбыз!

P. S. Бейнежазбаны көрген кезіңізде, алдымен, жариялаған күніне назар аударыңыз! Өйткені БЖЗҚ ақпаратты үнемі жаңартып отырады. Арнаға өзекті нұсқа ғана жүктеліп,  ескі бейнежазбалар жойылмай, мұрағатта сақталып қалады. Сол себепті пайдаланушы 2015 жылғы бейнежазбаны көріп, оның ескірген ақпарат екенін байқамай қалуы әбден ықтимал.

Сайран Салыққызы,

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале