18.11.2022, 11:15
Оқылды: 47

Швеция Түркия үшін конституциясын өзгертіп жатыр

Сәрсенбіде Швеция Парламенті терроризмге қарсы заңнаманы күшейтетін конституциялық өзгерістерді мақұлдады. Жаңа нормалар «террористік әрекетке байланысты топтардың жиналу бостандығын шектеуге» мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Түркия Скандинавия корольдігінің НАТО-ға кіруіне әлі де тосқауыл қойып отыр. Енді Швецияға Анкара лаңкестік деп санайтын күрд ұйымдарымен байланысы бар тұлғаларға қатысты істерді бастау оңайырақ болады. Өткен аптада Швецияның премьер-министрі Ульф Кристерссон Түркияға сапары кезінде оның кабинеті терроризмге қарсы күресті күшейтуге ниетті екенін атап өтті. Швеция НАТО-ға кіруге өтініш берді, бірақ оның кандидатурасын Түркия бұғаттады.

Сәрсенбіде мақұлданған өзгерістер келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале