17.11.2022, 22:05
Оқылды: 56

Қос теректілік «Еңбек жолының» жеңімпазы атанды   

Әмбеге аян, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасындағы республикалық «Еңбек жолы» байқауы «Қазақстанның әлеуметтік жаһандануы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаланы  жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Бұл шараның негізгі міндеті — еңбек адамдары туралы қоғамда жағымды пікір қалыптастырып, кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде жаңа еңбек әулеттерінің қалыптасуына жағдай жасау. 

IMG-20221117-WA0087

Осы орайда ең алдымен батысқазақстандық еңбекқорларды анықтау мақсатында Орал қаласында салтанатты шара өтті.  Оған Теректі ауданы да қатысқан еді. Сайып келгенде, Теректі аудандық мәдени демалыс орталығының хореографы, атақты Үлгілі «Жұлдыз» би ансамблінің жетекшісі Жанар Тайшыбаева «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алып, республикаға жолдама алды.

IMG-20221117-WA0088

Ал «Өндірістің ең жас жұмысшысы» номинациясы бойынша «Пойма астық» ЖШС қызметкері  Ғазиза Шахан 3-орынға ие болды.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале