Кешелі бері ауа райы қолайсыз болып тұр. Қар жауып, артынша күн аздап суытып, қатырып тастады. Кеше сол қатқақта 32 адам көшеде құлап, түрлі дене жарақатын алыпты. Оның төртеуі көктайғақ мұзға құлағандарын айтып берген.
-Далада құлаған 32 адам қалалық аурухананың жарақат бөлімінің көмегіне жүгінді. Олардың төртеуі мұзда құлаған. Ауыр дене жарақатын алғандар жоқ, - деп мәлімдеді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мамандар қыстың күні аяққа ыңғайлы аяқ киім киіп жүруге және жасы келген үлкен кісілерге қолайсыз ауа райында далада жүрмеуге кеңес береді.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz