Бүгін таңғы сағат 07:00-ден бастап ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы бастау алып, Казталов ауданындағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын салтанатты түрде бастады.
Талапқа сәйкес алдымен еліміздің Әнұраны шырқалып, сайлау комиссияларының төрағалары мен төрайымдары халыққа сайлау ережелерін түсіндіріп, сайлау учаскелерінің жұмысымен таныстырды.
Ресми бөлімнен соң халық өз таңдауын жасап, алғаш болып дауыс берген сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz