Бүгін жәнібектіктер үшін айтулы күн. №136-шы сайлау учаскесінде таңғы сағат 06:55-те Әнұран шырқалып, 07:00-де алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады.
Алғаш болып дауыс берген Жәнібек ауданы тұрғыны Бибігүл Төлегенқызы «еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», деп ақ тілегін арнады.
Алғашқы дауыс берушіге сайлау учаскесі атынан шағын сыйлық табысталып, таңдау жасауға келгені үшін алғыс білдірілді.
«Сайлауға келіп дауыс беру, өз таңдауымызды жасау біз үшін өте маңызды. Тек жақсылық болғай», - дейді анасымен бірге сайлауға келген Гүлмира Чукина.
Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz