ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына орай Бәйтерек ауданы бойынша 55 сайлау учаскесі жасақталды. Онда 39286 сайлаушы тіркелген. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясынан алығынған мәліметке қарағанда, сағат 9-00-дегі жағдай бойынша 8058 бәйтеректік (20 пайыз) өз дауыстарын берген.
Аудан орталығында 3 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. №155 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Болат Ахметжановтың айтуынша, сайлаушылардың келуі жақсы.
Таңғы сағат 8:00-ге дейін 181 адам дауыстарын беріп кетті. Ал осы уақытта №156 учаскелік сайлау комиссиясының 69 адам (7,4 %) дауыс берген.
- Бүгін дәл туған күнімде тұспа - тұспа келген сайлау науқанында еліміздің жарқын болашағы үшін дауысымды бердім. Жаңа Қазақстаннан күтетін үмітіміз зор. Сайлау әділ өтіп, елдің қалаған тұлғасы жеңіске жетеді деп сенемін. Ең бастысы еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, - дейді Переметный ауылының тұрғыны Нұрхан Сабырқұлов.
Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz