ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында отбасы мүшелерімен бірге дауыс беріп жатырған жандар да бар. 2017 жылы отау құрған казталовтық Еламан Сағатұлы мен Альбина Қобланқызы кішкентай бүлдіршіндері Темірхан Еламанұлымен бірге №220 сайлау учаскесіне барып таңдау жасады. Жас отбасының отау құрғанына ағымдағы жылы 5 жыл толып отыр.
- Біз өміріміздегі мерейлі жылдың саяси науқанмен тұстас келгеніне өте қуаныштымыз. Мемлекетіміздің болашағы біз үшін өте маңызды. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болып, болашағымыз жарқын болғай!, - деді Альбина Қобланқызы.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz