Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Казталов қалыпты жағдайда өтуде. Аудандық аумақтың сайлау комиссиясының таңғы сағат 9:00-де берген ақпаратына сүйенсек, ауданымыздағы 16887 сайлаушының 4158-і өз таңдауын жасап, дауыс берген.
Бұл аудандағы 48 сайлау учаскелеріне сайлаушылардың төрттен бірі, яғни, 24,62 пайызы келгенін көрсетеді. Осы сағатта ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.
«Ауыл айнасы» ақпарат