Переметныйдағы №155 сайлау учаскесінде Бәйтерек ауданының құрметті азаматы, «ҚазИИТУ» кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик Ақсерік Әйтімов өз дауысын берді.
- Байқап отырмын, бұл жолғы сайлау науқанына ауыл тұрғындары белсенді қатысып жатыр. Біз де мұны парыз санап, туған жерімде дауыс беру үшін Оралдан арнайы келдім. Сөйтіп отбасымызбен өз таңдауымызды жасадық. Ел тізгігін ұстайтын тұлғаға даусымызды бердік. Біз әрқашан жанұямызбен ел тағдырын шешетін елеулі сәттерден қалыс қалмауға тырысамыз. Бұл жолғы сайлаудың да жөні бөлек. Бұрынғысынан өзгерек болып жатыр. Әділ сайлау өтіп жатыр деп айта аламыз. Болашақта Қазақстанымыз жаңа, әділетті Қазақстанға айналарына сенім мол. Ел-халқыма ашық аспан, ауызбірлік, денсаулық, сабырлық, құт-береке тілеймін!- деді Ақсерік Сарыұлы.
Ерназар Амангелдіұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz