20.11.2022, 11:48
Оқылды: 24

24,37 пайызы өз таңдауын жасады

Теректі ауданында таңғы сағат 7.00-ден бері 42 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр.

покатиловк айару

Сайлау комиссиялары мүшелерінің жоғары деңгейде ұйымдастырған қызметі өз нәтижесін көрсетіп отыр.

Таңғы сағат 7.00-ден бері, үш сағат ішінде дауыс беру құқығына ие 6235 теректіліктің 24,37 пайызы өз таңдауын жасаған.

Алғашқылар легінде келіп,  №386 сайлау учаскесінде таңдауын білдірген покатиловтық жас Айкөркем Есетова «Ел үшін маңызды шараға жастар белсенді қатысуы керек. Алдағы өміріміз бүгінгі таңдауымызға тікелей байланысты» деп, замандастарын конституциялық және азаматтық борышын өтеуге шақырды.

Теректінің жастары ғана емес, қариялары да сайлауда белсенділік танытуда.

87 жастағы аңқатылық кейуана Ғалия Шарипова «Жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін дауыс бердім» дейді. Егде тартқан жасына қарамастан, сайлау учаскесіне өз аяғымен келген Ғалия әжей «Мен бармасам да болады» дейтін адамдарға үлгі болса керек-ті.

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале