Бүгінгі сайлауда дауыс беріп шыққан халыққа ұйымдастырылған тиімді шара қызу үстінде. Жәрмеңкеде арзандатылған бағада жеміс-жидектерден бау-бақша өнімдері, ет, шұжық, балық, бал, жұмыртқа, май өнімдері сатылды. Нарықтан сәл де болса төмен бағамен ұсынылған жәрмеңке халыққа қолайлы болды.
– Бүгінгі жәрмеңкеге арнайы шақыртумен қаладан келдім. Картопты 100 теңгеден, пиязды 120 теңгеден, қызанақты 100 теңгеден, орамжапырақты 120 теңгеден сатудамыз. Халықтың бүгінгі жәрмеңкеде белсенді болғаны қуантады. Тұрғындар шамалары келгенше сатып алып жатыр, - дейді қаладан бау-бақша өнімдерін әкеліп сатушы Демалыс Бисекешов.
Альбина Бәтенова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz