20.11.2022, 15:00
Оқылды: 40

Бәйтеректе жәрмеңке өтті

Бүгін Бәйтерек ауданында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған Переметный ауылынан «Гатауов», «Тенчурин», «СПК Рубежинское», «Сагынгалиева» ЖК, «Бисекешев» ЖК, «Кенжалиев» ЖК, «Сабиркулов», «Андрейшев», «Жума» ЖК, «Радинов» ЖК, «Вакуленко», «Исмагулов» ЖК, Дариян ауылдық округінен «Айбетьяров», «Лебедов», «Каверин» ЖК, «Жарасов» ЖК, Мичурин ауылдық округінен «Жаңа Әлем», «Плотников», Трекин ауылдық округінен «Ситек», «Жұлдыз», «Ялфимов», «Жәрдем», «ЖШС Ақас», Махамбет ауылдық округінен «Мешков», «Кульжанова» ЖК, Достық ауылдық округінен «Лейко», «Равшан», Көшім ауылдық округінен «Макушин» ЖК  және Орал қаласынан да шаруа қожалықтары келіп қатысты.

IMG-20221120-WA0060

Бүгінгі сайлауда дауыс беріп шыққан халыққа ұйымдастырылған тиімді шара қызу үстінде. Жәрмеңкеде арзандатылған бағада жеміс-жидектерден бау-бақша өнімдері, ет, шұжық, балық, бал, жұмыртқа, май өнімдері сатылды. Нарықтан сәл де болса төмен бағамен ұсынылған жәрмеңке халыққа қолайлы болды.

IMG-20221120-WA0073

– Бүгінгі жәрмеңкеге арнайы шақыртумен қаладан келдім. Картопты 100 теңгеден, пиязды 120 теңгеден,  қызанақты 100 теңгеден, орамжапырақты 120 теңгеден сатудамыз. Халықтың бүгінгі жәрмеңкеде белсенді болғаны қуантады. Тұрғындар шамалары келгенше сатып алып жатыр, - дейді қаладан бау-бақша өнімдерін әкеліп сатушы Демалыс Бисекешов.

IMG-20221120-WA0078

Альбина Бәтенова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале