Сырым ауданы орталығы Жымпитыда денсаулық жағдайына байланысты, науқас күтімімен үйде отырған тұрғындарға сайлау жәшігі жеткізілді.
- №291 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері Ақмарал Төребекова, Әділхан Альмурзин мен бірге аталмыш учаске тұрғындарының үйлеріне арнайылап бардық.
Одан бөлек, денсаулығына байланысты аудандық ауруханада ем-дом алып жатырған Артық Сәрсенова және науқас күтімімен отырған жандар да өз таңдауларын үйден беру құқығына ие болды.
- Ауруханада болсақ та дауыс беру мүмкіндігін туғызған учаске комиссиясына алғысымды айтамын,- деді Артық анамыз.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz