20.11.2022, 19:32
Оқылды: 51

Сайлау күні тұңғыштары дүниеге келді

Сайлау науқанының аяқталуына 1 сағат қалған уақытта облыс орталығынан сүйінші хабар жетті.

перинатал

Казталов ауданының Қошанкөл ауылының тұрғыны Асыланбек Жұмаев пен Ардақ Жұмаеваның шаңырағында ұл перзент дүниеге келіп, бүтін елді қуанышқа бөледі. Еліміздегі елеулі оқиға қарсаңында келген сәбидің салмағы - 3,900 келі, дүниеге келген уақыты 18:30 шамасы. Бұл Жұмаевтар отбасының көптен күткен қуанышы.

- Бүгін еліміздегі сайлау науқанында тұңғыш перзентім дүниеге келді. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Осынау тарихи күнде перзентімнің өмір есігін айқара ашып, ортамыздан табылуы мен үшін ерекше оқиға. Ұлымның есімін көптен күткен перзентіміз болғандықтан Аңсаған деп қойдық, - дейді Асыланбек Есенгелдіұлы.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале