21.11.2022, 18:00
Оқылды: 55

Мемлекеттік бюджетке 14,8 трлн теңге түсті

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 14,8 трлн теңге түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,1%-ға артық, деп хабарлайды, Egemen.kz.

21

Ranking.kz сарапшылары нақтылағандай, өткен жылдың ұқсас кезеңінде мемлекеттік бюджеттің кірістері 11,3 трлн теңгені құрап, бір жылда 10,4%-ға ұлғайған.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің 71,9%-ы салық түсімдерін құрады. Оның ішінде қосылған құн салығынан түсетін түсімдер - 4,2 трлн теңгені, табыс салығы - 3,8 трлн теңгені, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар - 1,6 трлн теңгені, әлеуметтік салықтар - 741,2 млрд теңгені, меншік салығы - 351,5 млрд теңгені құрады.

Айта кетсек, салықтық емес түсімдер бір жылда 39,5%-ға, 343,7 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 140,4 млрд теңгені, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар - 79,4 млрд теңгені, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін түсімдер - 2,5 млрд теңгені құрады.

«Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бір жылда бірден 33,8%-ға, яғни 171 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен кірістер - 145,9 млрд теңгені, жер мен материалдық емес активтерді сатудан - 23,8 млрд теңгені құрады. Трансферттер түсімдері бір жылда 7,6%-ға, яғни 3,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды», делінген сарапшылардың хабарламасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале