21.11.2022, 21:08
Оқылды: 22

Төрт баланың әкесі IPhone13 ұтып алды!

Оралда ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысушы сайлаушылар арасында өткізілген "Мен таңдау жасадым" IPHONE 13 ұтысы байқауының жеңімпазы анықталды.

IMG-20221121-WA0030

Байқауды қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған болатын.
Жеңімпаз Lizaonair бағдарламасы арқылы анықталған.
Нəтижесінде бар шарттарды қалтқысыз орындаған Жақсат Айсағалиев жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз атанған азамат - көп балалы əке. Отағасы өз балаларымен саяси науқанға барып суретті жүктегенін айтқан. Ресурстық орталық басшысы Дулат Жүсіпқалиев жеңімпазды құттықтап, IPHONE13 телефонын табыстады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале