Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда қант тапшылығы болмайды деп уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Неге инфляция қазір 18,8 пайыз болып отыр? Инфляцияға ең үлкен фактор қант болды – 75 пайыздық өсім. Бұл Ресей экспортты жабуына байланысты болды. Әр аймаққа ӘКК арқылы басқа аймақ емес, өзін қамтамасыз ету үшін айналым қаражаты қажет", - деді Жұманғарин журналистер сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, Қазақстан өз қантымен өзін-өзі 100 пайыз қамтамасыз етеді.
"Иә, бұл қамыс қанты болады, өйткені қызылша әлі жетпейді, бірақ ол өзіміздің қант. Енді қант тапшылығы болмайды. Зауыттан келетін баға келісіне 450 теңгеден аспайды", - деп қосты Премьер-министрдің орынбасары – сауда министрі.