Биылғы 1 қарашадағы қорытынды бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнында 18,9 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Сурет: ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықғы қорғалған. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленген.
zhaikpress.kz