Аудандық мәдениет үйінде «Бірінші сынып Ханзадасы және Ханшайымы» атты аудандық балалар байқауы өтті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген аталмыш байқауға 61 бүлдіршін қатысып, іріктеуден өткен 11 бүлдіршін бақ сынасты.
Бүлдіршіндерге әділ бағасын берген әділқазы алқасының құрамында мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А Қайрова, хореограф Д.Темірғалиева, балалар кітапханасының меңгерушісі А. Түрекешова, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Н. Кәдірғалиев болды.
Шара — таныстыру, өнерлерін көрсету, интеллектуалды тапсырмалар орындау сынды 3 кезеңнен құралған.
Сайыс қорытындысы бойынша барлық сыннан мүдірмей өтіп, көптің көзайымына айналған Әлжан Исмағұлов пен Ұлдай Ахмадиева бас жүлдені иеленіп,«Ханзада мен Ханшайым» атанды. Барлық қатысушыларға түрлі аталымдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz