Биылғы жылдың 10 айында қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.
2022 жылғы қазанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,6 млрдтеңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 170,5 млрд теңге бөлінді.
1 қарашадағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 268 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңге болды.
Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.