24.11.2022, 18:52
Оқылды: 36

19 мәселенің 3-уі шешімін тапқан жоқ

Тұрғындармен кездесудің жаңа форматына сәйкес облыс әкімі жылына екі рет аудан тұрғындарымен кездесу өткізетіні белгілі. Соған орай көктемде өңір басшысы бәйтеректіктермен аудан орталығында кездессе, бұл жолы, яғни 24 қарашада Ғали Нәжімеденұлы Көшімде жүздесті.

IMG-20221124-WA0150

Округ орталығы - Үлкен Шаған ауылына өңір басшысымен бірге облыстық мәслихат хатшысы, бірқатар басқарма, департамент басшылары, облыс әкімінің Бәйтерек ауданындағы өкілі келді.

IMG-20221124-WA0149

- Облыс әкімі биылғы бірінші жартыжылдықта аудан тұрғындарымен кездескен кезде көтерілген 19 мәселенің бүгінгі таңда 9-ы оң шешілді. Жетеуі орындалу үстінде, үшеуі шешімін тапқан жоқ. Орындалмаған мәселелерге тоқталып өтейін. Біріншісі, Махамбет ауылы мен Орал қаласы арасында қатынайтын №57 автобустың жұмысын қайта ұйымдастырылған жоқ. Аталмыш қоғамдық көлік қала маңына қатынайтын автобустар санатына жатады. Субсидия мәселесінің шешілмеуіне байланысты тасымалдаушы тараппен жүргізілген келіссөз нәтиже бермей отыр. Екіншісі, Дариян ауылына спорт кешенін салу бойнша айтсақ, бұл бағытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Үшіншісі, Көшім ауылында клуб салу болатын. Былтыр жобалық-сметалық құжаттамаға қаржы бөлінген еді. Қазір ол дайын. Енді қаржыландыру мәселесі шешілсе, құрылыс жұмыстары басталады,- деді жиынды ашқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Бәйменов.

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале