25.11.2022, 9:45
Оқылды: 67

Криштиану Роналду бес әлем чемпионатында гол соққан бірінші ойыншы атанды

Португалия шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду бес әлем чемпионатында гол соққан бірінші ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221125072118142e

Қатарда футболдан өтіп жатқан дүниежүзілік додада Португалия мен Гана матчында К.Роналду 65-минутта 11 метрлік айып добын дәл орындады.

Шабуылшы бұған дейін 2006, 2010, 2014 және 2018 жылғы әлем чемпионаттарында мергендігімен көзге түскен еді.

Сонымен қатар Криштиану Португалия ұлттық құрамасы сапындағы 112-інші голын соқты. Бұл жөнінен де әлемде үздік тұр. Оған қоса Еуропа біріншіліктерінде 14 гол соққан ең мерген ойыншы деген атағы тағы бар.

Роналду бұдан бөлек, Португалия - Гана матчының үздік ойыншысы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Испанияның Коста-Риканы 7:0 есебімен ойсырата жеңгенін, Бельгияның Канада құрамасын қапы қалдырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Испания допты ұстау жөнінен әлем чемпионаттарының рекордын орнатты.

Уругвай мен Оңтүстік Корея тең түсті.

Португалия Гананы ұтып, өз тобында көш бастады.

Фото: Дмитрий Голубович, «Чемпионат»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале