25.11.2022, 11:00
Оқылды: 37

Президенттің атына жолданған әйел-журналистерді қорғау туралы өтініш назарға алынды

Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.

221125104442241e

«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды» делінген хабарламада.

Кеше Алматыда «El Media» редакциясы орналасқан ғимараттың кіреберіс шыны қабырғаларын сындырған екі күдікті ұсталған болатын.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағы әйел журналистерді ізіне түсіп, қудалауға қатысты еліміздің жоғарғы органдарына жасаған үндеуімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале