Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сурет: Egemen.kz
«Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады», деп жазылған хабарламада.