30.11.2022, 18:06
Оқылды: 146

БҚО-да тоғыз мектепте оқушылар үш ауысымда оқиды

Бүгін «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясындағы құрылыс жөнінде кеңес өткендігін жазған болатынбыз.

Кеңесте білім саласындағы құрылыс мәселелері қаралды.

CC35B6C2-3496-49C2-85C1-7FFB8298DFEF

Облыста 379 мектепте 118 334 оқушы білім алуда. Ал 198 мектептің іргетасы 1980 жылға дейін тұрғызылса, оның ішінде 7 мектептің ғимараты 1941 жылға дейін пайдалануға берілген. Бейімделген ғимараттарда 121 мектеп орналасса, оның ішінде 48 мектеп саманнан салынған және апаттың алдында тұр. Бұл туралы кеңесте білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева хабарлады.

F4BBF5FF-B42D-4A53-AC36-B2054C4A08E3

– Облыста он бір апатты, тоғыз үш ауысымды мектеп бар. Оқушы орнының тапшылығы  5 639-ды құрайды. Соңғы 10 жылда оқушылар контингенті 30 мыңнан астам балаға өсті. Бұл мектептің инфрақұрылымына үлкен жүктеме әкелді. Өңірде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында қуаттылығы 18 000 орынға арналған 18 мектеп салынады. Оның 13-і қалада, 5-еуі ауылда. Жаңа мектептерде оқушылар мен педагогтар үшін барлық жағдай жасалады, - деді Айгүл Әділгерейқызы.

10313EDF-3BB4-44D9-8CA6-FB0B03F2F4A1

Басқарма басшысының айтуынша, жаңа мектептерде бастауыш және жоғары сынаптар үшін бөлек блоктар қарастырылып, жаңа үлгідегі жиһаздар, трансформер парталар мен пән кабинеттері, әмбебап акт залы қауіпсіздік шараларымен толық қамтылады.  Кітап оқуға, шығармашылықты дамытуға арналған бұрыштармен жабдықталады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале