Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге ота тегін жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 0-18 жас аралығындағы 121 161 балаға тегін ота жасалды», - деген жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі ҚазАқпарат сауалына.
Сондай-ақ, 72 бала отаны шетелде жасату мүмкіндігіне ие болған.
«Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы бұйрығына сәйкес 72 балаға шетелде ота жасауға жолдама берілді», - дейді ведомстводан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде нәресте өлімі көбейген.
Айтар болсақ, биыл 9 айда өлім-жітім 8,18%-ды құраса, өткен жылы аталған көрсеткіш - 7,92%.