5.12.2022, 22:54
Оқылды: 34

Оралда кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан жеңгетай ұсталды

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Орал қаласындағы сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд іс-шараларды өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5ecd4b3c61dd4cc7988763ff12c8f18c

Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы азаматша интимдік қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Сондай-ақ 53 жастағы әйел Орал қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, дейді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале