Бауыржан Бақытжанұлы Казталов ауданына қарасты Талдыапан ауылында туған. Қазір сол ауданның прокуроры. Тазалық пен тәртіпті, адалдық пен адамдықты сүйетін азаматты ел-жұрты да қадір тұтады. Ол 1999-2004 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, одан соң екі жыл Қазақ-орыс халықаралық университетінде білім алды. Өз еңбек жолын құқықтық статистика құрылымдарында бастаған кейіпкеріміз кейін облыстық прокуратурада түрлі лауазымдық қызметтер атқарды. Бірқыдыру уақыт Бәйтерек ауданы прокурорының орынбасары да болды.
Бүгінде қырықтың қырқасына шығып отырған Бауыржан Молғалиев осындай азамат. Атам қазақ та «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме?! Олай болса, қиын да құрметті қызметіңде азаматтық ажарың айшықтала түссін дейміз біз.
Бауыржан Махутұлы,
zhaikpress.kz