6.12.2022, 12:15
Оқылды: 48

Өз-өзіне қол жұмсамақ болған оралдық құтқарылды

Оралда учаскелік полиция инспекторы өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды өлімнен аман алып қалды. Бұл туралы Орал қаласының полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

2

Фото дереккөзі: bugin.kz

Желтоқсанның 4 күні сағат 20:52-де Орал қаласының ПБ Абай Пб кезекші бөліміне белгісіз әйел адам хабарласып, өзіне қол жұмсамақ болған ағасы бейнежазба жібергенін және оған дереу көмектесу керектігін айтады.

Хабарлама түскен бойда көрсетілген мекенжайға №1 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Елжас Серікқалиев аттанады.

Оқиға орнына келіп жеткен соң үйдің іші-сыртын түгел тексеріп, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізеді. Десе де үйде болған жанның алысқа кете қоймағанын үстел үстіндегі ішімдіктерден, теледидардың қосулы тұрғанынан аңғарады. Үйдің жанындағы қосымша бөлмеде жарықтың жағулы тұрғанын байқап, алдында біреудің асылып тұрғанын көреді. Дереу адамды аяқ жағынан көтеріп алып, жіптен шешіп, алғашқы көмек көрсетеді. Тез арада жедел жәрдем шақырып, өлім аузынан аман алып қалады.

Тексеру кезінде тұрғынның отбасылық жағдайға байланысты, ішімдік ішкен күйде суицидке барғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жағдайы қалыпты, дәрігерлердің айтуынша өміріне еш қауіп жоқ.

zhaikpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале