7.12.2022, 12:15
Оқылды: 48

Бөрлідегі тарихи кездесу

Ақсай қаласы №3 ЖОББ мектебінде Бөрлі ауданының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттау үшін «Тамыры терең туған жер: тарих және тағылым» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жиынға ауданның өлкетанушылары, тарих пәнінің мұғалімдері, музей жетекшілері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, ардагерлер кеңесінің өкілдері мен мемлкеттік қызметкерлер қатысты.

15

Кездесуде БҚО инновациялық-технологиялық университетінің оқытушысы, тарихы ғылымдарының кандидаты, доцент Мұрат Дабылұлы «Бөрлінің ерте темір дәуіріндегі ескерткіштері» тақырыбында, журналист, баспасөз зерттеушісі, өлкетанушы Қазбек Құттымұратұлы «Құлыптасы сыры» тақырыбында, Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеуші, М.Маметова музей-үйінің меңгерушісі Ахмедияр Қуанұлы «Тауқымет тартқан боздақтар» тақырыбында баяндама жасап, Бөрлі ауданы тарихына қатысты тың деректермен бөлісті.

 

17- Бөрлі ауданындағы МТС ғимаратының іргетасына пайдаланылған құлпытастарда тарихтың тың деректері жатыр. Оны құлыпытастардың жазуын оқу барысында көзіміз жетті. Бөрлі ауданында Бөлеқадыр деген жерде қойылған құлпытас ең көне құлыптас деп айта аламын. Өйткені құлпытастарды зерттеу барысында барлық аудандарды араладым. Барлығын зерттей келе осындай қорытынды жасауға болады,- дейді журналист, өлкетанушы Қазбек Құттымұратұлы.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале