Индонезия парламенті жаңа заңды қабылдады, оған сәйкес некесіз жыныстық қатынас үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
Жаңа заң - қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістердің бір бөлігі. Үш жылдан кейін ғана күшіне енеді және президентті қорлауға және мемлекеттік идеологияға қарсы сөйлеуге тыйым салуды қамтиды.
Құқық қорғау топтары жаңа заң елдегі әйелдердің, ЛГБТ және этникалық аз топтардың құқықтарына нұқсан келтіреді деп санайды.
Құқық қорғаушылар, сондай-ақ, жаңа кодекс саяси пікір білдіру бостандығына қысым келтіріп, діни сенім бостандығын шектейінін айтады.
Диффамация туралы жаңа баптар сонымен қатар президентті немесе вице-президентті қорлауды заңсыз деп санайды – ол үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұлттық идеологияға қайшы келетін пікір айту да осы санатқа жатады. Кодекстің бұрынғы редакциясында мемлекет басшысын қорлау туралы жеке бап болмаған, бұл істер диффамация туралы заң аясында қаралған.
Фото: Getty Images