8.12.2022, 16:30
Оқылды: 19

Қазақстан Еуроодақпен дәрі-дәрмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 11-отырысына қатысушылар денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

WhatsApp Image 2022-12-08 at 11.47.50

«Қазақстан мен Еуроодақ алдында медицина және фармацевтика салаларындағы әріптестікті нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Біз өзара ынтымақтастыққа және алдымызда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.

 

Отырысқа қатысушылар сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, медициналық мекемелерді басқару, дәрі-дәрмектерге баға белгілеуді реттеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ жалпы денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелерін талқылады. Шара аясында «сұрақ-жауап» сессиясы өтті, оның барысында орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шетелдік әріптестердің қызықтырған тақырыптары бойынша сауалдарына жауап берді.

Отырысты қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкімет алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөніндегі қадамдарды әзірлеу және іске асыру үшін келіп түскен ұсыныстарды жедел қарайтынын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале