8.12.2022, 15:45
Оқылды: 55

 Тәжірибе алмасты

Жуырда Қ.Сәтбаев атындағы мектеп ғимаратында облыстық қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Педагогтерді оқыту технологиялары: BUDDYING and SHADOWING» тақырыбында кәсіби жетілдіру мектебі ұйымдастырылды.

22

Аталған іс-шараға облысымыздың қосымша білім беру ұйымдары басшыларының оқу-тәрбие орынбасарлары, әдіскерлері, педагогтері қатысты. Іс-шара шымылдығын Тасқала аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Асхат Сапаров ашып, келушілерге "қош келдің" айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қоса облыстық білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының әдіскері Әсемгүл Құлекеева «Стратегиялық басқару алгоритмі» тақырыбында сөз сөйлеп, қосымша білім беру ұйымының негізгі қызметіне тоқталды. Іс-шарада Тасқала ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Меңдібек Лұқбанов пен мектептен тыс жұмыс орталығының әдіскері Әсел Шакенова, Ақжайық ауданы балалар музыка мектебінен Хамзина Армангүл мен Батырова Динара, Тасқала ауданы балалар музыка мектебінен Файзуллина Азиза мен Айгүл Габдуллина, облыстық экологиялық-биологиялық орталығының педагогтері Фиягүл Қауымбаева мен Ботагөз Нұржанова, Бөрлі аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының педагогтері Гүлсұлу Көшербаева мен Ернар Әйтекенов баяндама жасады. Серіктестікпен тәлімгерлікті ұштастыра отырып өзара байланыс арқылы кәсіби бағыт беру мақсатында жұптық жұмыстардың теориялық бағыттағы жүмыстарын талдау видеороликтері арқылы ұсынды. Іс-шараның тәжірибе бөлімінде педагогтермен нормативтік құжаттар, ғылыми жұмыстар, озат тәжірибе тарату, педагогтерді аттестаттауға портфолио даярлау, педагогтердің жүктемелерін бөлу, үйірме жоспарларын тиімді жасақтау, қысқа мерзімді жоспарды құру әдістері бағыттарында топтық тәжірибелік жұмыстар жасады.

23

Іс-шарадан алған әсері мен мәліметтерін анықтау мақсатында Тасқала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының педагог-психологі Светлана Наджимованың жасаған тренингі қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Іс-шара соңында Тасқала аудандық балалар музыка мектебінің концерттік бағдарламаларын тамашалап, ауданымыздағы қосымша білім беру ұйымдарының қызметімен танысып, тәжірибе алмасты. Алпыстан аса педагог қатысқан облыстық кәсіби мектептің жұмысы педагогтердің оң бағасына ие болды.

Меңдібек Нұрболатұлы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале