9.12.2022, 11:15
Оқылды: 23

Тамара Дүйсенова ЮНИСЕФ ұйымның өкілдерімен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Балалар ұйымының (бұдан әрі – ЮНИСЕФ)  Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизенмен Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласының дамуы мен ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөз өткізді, деп жазады  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

433849b5c1b5b94bda70339001fef1c1_1280x720

Сурет: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен

Іс-шара барысында халықаралық ұйымның өкілі мемлекеттік органның әлеуметтік-еңбек саласындағы атқарып жатқан жұмыстарын ерекше атап өтті, атап айтсақ, бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін бір жарым жасқа дейін ұлғайту және Отбасының цифрлық картасын енгізу.

Министрлік басшысы Артур ван Дизенмен Әлеуметтік кодекс жобасын талқылап, сондай-ақ Отбасының цифрлық картасын қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын, кедейлік шегін анықтау әдістемесін, арнайы әлеуметтік қызмет институтының дамуы мен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар мәселелерді қарастырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале