9.12.2022, 12:59
Оқылды: 208

"Журналистердің жағдайы, жауапкершілігі жан-жақты қаралады"

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаевпен кездесу барысында "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының БҚО-дағы тілшісі Ардақ Мұратқызы сұрақ қойды.

"Біздің облыста ақпаратқа қол жеткізу қиын, кейбір басқармалар сұрағымызға жауап бермейді.
Екінші мәселе, журналистердің әлеуметтік жағдайы. Біздің жағдайымыз қашан ескеріледі?
Үшіншіден, журналистердің заңдық, құқықтық жағынан қорғалуы. Қазір дайындалып жатқан заң жобасында журналистердің әлеуметтік жағдайы қарала ма, заңмен белгіленген мәртебе бола ма?" деген сұрақ қойды.

IMG-20221209-WA0080
Өз кезегінде Серік Егізбаев: "Журналистердің ақпаратқа қол жеткізуі және олардың жауапкершілігі туралы біз қарастырып жатырмыз. Ал әлеуметтік жағдайы туралы да сол заң жобасында қозғалады. Біз заңды ел алдына шығарамыз, танысып шығасыздар", деп қысқа жауап берді.

Жанат Көшкінбай,

Суретке түсірген: Гүлмира Сарсенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале